Жаңалық Редакция таңдауы

Бір тәулік ішінде қанша адам құтқарылды?

30 наурызда Қазгидромет мәліметтері бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күйшейуі ықтимал, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс жасайды.

Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарды және эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттеріне 89 адам жеткізілді, оның ішінде 11 бала бар.

Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен айтылды.

Қазіргі уақытта автожолдардың 86 учаскесі жабылды, оның ішінде 33 республикалық және 53 облыстық маңызы бар.

Блок-бекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 бірлік жеңіл, 482 бірлік жүк және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 бірлік жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл-318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 (жеңіл-35, жүк-22), Павлодар облысы – 110 бірлік техника (жеңіл-46, жүк-64).

ҚР бірқатар өңірлерінде қатты желдің салдарынан 4 қалада (Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар қалаларында) 70 133 абонент және 6 облыста (Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстары) 194 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button