Жаңалық Редакция таңдауы

Биыл елімізде 16,4 млн тонна астық жиналды

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанының жүргізілу барысымен таныстырды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алқап 24 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық.

Еліміздің барлық өңірлері астық жинау науқаның аяқтауға жақын қалды. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 16,9 млн га (98,7%) жиналды. Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай бастырылды. Жалпы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық түсімі 16 млн тоннаны құрайды. Бұл 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті, – деді министр.

Сонымен қатар Айдарбек Сапаров 4,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 3,5 млн тонна картоп және 1,6 млн тонна майлы дақылдар жиналғанын айтты.

Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымдарына литріне 250 теңгеден 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Сонымен қатар ағымдағы жағдайды ескере отырып, дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін қосымша 62,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу туралы шешім қабылданды, – деді Сапаров.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button