Жаңалық

«Біз – жеңістің мұрагеріміз!»

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы ағымдағы жылдың 5 ақпанында басталған болатын. Эстафета аясында Алматы қаласында жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған жауынгерлік дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі Шымкент қаласына жеткізілді. «Мәңгілік алау» мемориалына жиналған полиция департаменті қызметкерлері, Төтенше жағдай, Қылмыстық атқару жүйесі департаменттері, Ішкі істер органдары, Ұлттық гвардияның Ардагер ұйымдары, Шымкент горнизонының әскери бөлімдері, «Жас ұлан» мектебі мен №6506 әскери бөлімінің «Жас Бүркіт» (№1, №46, №65 орта мектеп оқушыларынан құралған) әскери патриоттық клуб мүшелері, жоғары оқу орын студенттері және Ұлы Отан соғысының ардагерлері майданда қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялап, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

 

ҚР Ұлттық ұлан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтар ісі бойынша орынбасары полковник Ниязтай Алкешовтың айтуынша, эстафета Қазақстанның 14 облысы, республикалық маңызы бар 3 ірі қала мен 7 кіші қалада өтеді. Алматы шаһарынан жеткен Жауынгерлік Ту бұдан әрі Түркістан қаласына, одан соң Қызылорда өңіріне жолданбақ. Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атантаев сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button