Жаңалық Редакция таңдауы

«Біз – өмірді таңдаймыз!»: Елордада шағын футболдан турнир өтеді

Астанада «Біз – өмірді таңдаймыз!» ұранымен шағын футболдан Астана әкімінің кубогі турнирі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнир 15 тамыз күні 187-ші (Б.Соқпақбаев) көшесінде орналасқан «футбол-хоккей» кортында (Б.Соқпақбаев 23/2 үйдің арты) ұйымдастырылып, 15 қыркүйекке дейін өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты – есірткісіз болашақты насихаттау, өскелең ұрпаққа денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын бойына сіңіру.

Турнирді ұйымдастырушы Астана қаласы ПД Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасы өз кезегінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Жастар саясаты басқармасының және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдау көрсетуімен өткізуді жоспарлап отыр.

Турнирде 1-орынға 2 жас дәрежелі аула командалары қатысады (1-дәреже: 14-16 жас және 2-дәреже: 17-18 жас).

Турнирді қорытындылау және салтанатты іс-шара жеңімпаздарды марапаттау қыркүйектің 23 күні өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button