Мақала

Біз шырқаған және балаларымыз шырқайтын әндер

«Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі, өткендерін ұмытқан – өшкендіктің белгісі»

 

 

ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы. Мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр.

 

«Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі, өткендерін ұмытқан – өшкендіктің белгісі», – дейді халық даналығы. Тарих дөңгелегі жаһандану заманына бет алған тұста, рухани жаңғыруымыз заңды құбылыс. Ел ертеңі – өскелең ұрпақ десек, сол жасөспірімдерді рухтандырудың бір жолы – ән арқылы тәрбиелеу.

Ән… Тарих қойнауынан келе жатқан рухани құндылықтарымыздың бірі, бұл ән өнері. Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатында, жанын жайнатып жадырататын да ән емес пе? “Біз шырқаған және балаларымыз шырқаған әндер” атты тақырыптағы ата-аналардың қатысуымен өткен №84 мектеп-лицейіндегі ән кеші өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл сыйлағаны анық. Кештің мақсаты-ата – аналарымыздың орындауындағы қазақ халқының әндері арқылы жасөспірімдерге әннің құдіретін, тәрбиелік мәнін түсіндіріп, ұғындыру. Ғасырдлар тоғысындағы әр жылдардың әндеріне кезек бере отырып, ән өнерінің тақырыбын, ашып, мазмұнына үңілу.

 

Кеште ата-аналар 70-80 жылдардағы қазақ композиторларының әндері мен халық әндерін шырқап қана қоймай, әрбір әннің шығу тарихынан сыр шертті. Өз кезегінде, оқушылар қазіргі кезеңдегі әндерді шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.

 

Кеш соңында ата-аналар тағылымды кештің әсем әсерімен бөлісті. Ал, оқушылар болса, бұрынғы әндердің тарихын тыңдай отырып, әндердің шынымен жандарын еліткенін тілге тиек ете отырып, қазіргі әндердің көбіне тыңдарманның көңілін көтеруге арналған жеңіл әнлер екендігін айтты.

 

Әрине, қазіргі заманауи композиторлардың еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Жақсы патриоттық әндер көп жазылуда. Дегенмен жас ұрпақ бүгінгі ән әлемінің үрдісінде қалып қоймай, өткен ғасырдардағы әндер тарихын біліп өссе, бойларына үлкен рухани азық алып өсетіндері сөзсіз.

 

Ән кешінің соңы белгілі композитор Ескендір Хасанғалиев атамыздың атақты «Атамекен» әнімен аяқталды. Әннің шыққанына келер жылы ширек ғасыр болады екен.Осыған қарамастан жас балғындар еңселерін көтеріп, ата-аналарымен бірге сүйсіне жырлағанда бойымызды патриоттық сезім биледі.

 

Рухани дүниемізді жаңғыртатын осындай іс-шаралар лицейімізде өз жолын таба бермек.

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button