Жаңалық Редакция таңдауы

Бизнесін адал жүргізіп отырғандарға алаңдаудың еш қажеті жоқ – Әлихан Смайылов

Заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмыс туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейінгі брифингте айтты️, деп хабарлайды Ruh.kz. ️

Фото: Үкімет

Премьер-Министр активтерді қайтару жөніндегі жұмыс қабылданған заңға сәйкес қатаң жүргізіліп жатқанын және Мемлекет басшысы саяси және экономикалық реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті.

Негізгі міндет – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, активтерді қайтару және оларды республика экономикасына жұмыс істеуге мәжбүр ету.

Мұнің екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі түрде. Ол сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Заң шеңберінде әрекет ететін тұлғаларға келетін болсақ, ол нақты белгіленген. Бұл әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, заңсыз мүлікке ие болған тұлғаларға қатысты. Бизнесін адал жүргізіп отырғандарға алаңдаудың еш қажеті жоқ, – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, қайтарылған қаражат әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңге сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шамамен 6 600 млрд – шетелден. Бұл жұмыс жалғасуда,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button