Бөгет жасап тұрған тас қамалды бұз!
Адамның алдынан оның саналы ғұмырында түрлі жолдар, түрлі кедергілер шығады. Бірақ, оларды бұзып-жарып өте шығу – адам қабілетінің шекарасынан тысқары емес.
Кісі жолына қызмет барысында, жалпы тұрмыста түрлі бөгеттер кездеседі. Олар өздерінің атына сәйкес сапалы қызмет жасауға, өнімді еңбек етуге кедергі болады. Бірақ, олардың қабілеті адамды толыққанды шектеуге жарамсыз һәм жеткіліксіз.
Адамның денсаулығы, оның отбасы, оның қаражат әлеуеті секілді дүниелерде бөгет көп кездеседі. Адамдардың көпшілігі ағыны баяу су секілді осы бөгеттерден аса алмай қалып жатады.
Қазақтың қанында бар қасиет – өр мінез, рухтылық. Бұл қасиеттер адамды арыны қатты су секілді, тау өзені секілді елестетеді.
Демек, сенің бөгеттерді бұзуға қауқарың жетеді. Болашағыңа бөгеттер көлеңке түсірмесін десең, оларды жең, оларды бұз!