Жаңалық

Боранның неше түрі болады?

Э.Т. Құрманалиева, Н.Т. Тілегенов, А.Т. Сайлауова «Артық болмас білгенің» атты еңбектерінде боранның 13 түрін келтірген:

Ала қаншық – бәсеңси, қайта ұйтқып соғатын боран.
Ала құйын – астан-кестең ұйтқыған боран.
Боранды жел – бұрқырай, ысқыра, ұйытқып соғады.
Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма боран.
Бұршақты боран – бұршақ аралас бүлдіргіш, ысқырықты жел.
Бұрқасын – қарды суырып, ұйтқыта соғар бұрқақ.
Сырма – сусымалы бұрқақ боран.
Жаяу боран – үрпек қарды үретін еспе боран.
Жаяу борасын – жаяу бораннан ақырынырақ соғады.
Жаяу бұрқасын – бәсең боран.
Тас боран – тас пен топырақты суырып соғатын қаһарлы жел.
Түтек – алай-түлей ызғарлы боран.
Көк дауыл – аязды қарлы боран. Ақ жорға, ақ дауыл да дейді. Күшті соқса – қарлы боран, ал баяу қарды үрлей соқса, ақ жорға атаған.

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button