«Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» фильмінің түсірілімі басталды
Қазақ даласының киелі жерлері, қазақ қалаларының тарихы туралы, табиғатының алуандығы жайлы осы топыраққа аунап өскен адам ғана айта алады.
Саша Барон Коэннің Қазақстан жайлы жағымсыз әрі шындыққа жанаспайтын фильмі түсіріледі дегенді естіген танымал блогер Мирас Ыбрайымов бұрыннан ойында жүрген дүниені – қазақ даласы жайлы фильм түсіруді бастап кеткен.
Фильмнің алғашқы бөлімі Алматы қаласына арналған. Бұл бөлім қазан айының екінші жартысында әлеуметтік желілерде жарияланып, YouTube арнасында 120 мыңнан астам қаралым жинап та үлгерді.
Фильмнің екінші бөлімі Елордаға, үшінші бөлімі Маңғыстау, Ақтау кереметтеріне арналған.
Замандасымыздың бұл әрекеті ешкімді бей-жай қалдырмауы керек. Кей өңірлер туралы ақпарат жеткіліксіз болуы мүмкін. Барша қазақстандықтарды Мирастың instagram аккаунты мен YouTube арнасын бақылап, барынша көмектесуге шақырамыз.