Жаңалық

«Бөрісырғақ» амалын білесіз бе?

«Ұзынсары», «Құралай салқыны», «Бесқонақ». Ағымдағы айдың 20-25 күндеріне дөп келетін тағы бір амал бар. Ол – «Бөрісырғақ».

Бұл амал басталғанда күн суытып, ызғар күшейіп, қар жауып, ауа-райы борандатып тұрады. «Бөрісырғақ» деп аталуының себебі: амалдың қасқырдың «жерік айында» болуы. Бұл амал басталғанда арлан мен қаншық жұптасады. Арқада «бөрісырғақ» үттің (осы айдың) 17-23 аралағында өтеді-мыс.

Басқа күндері мал мен адамға көп соқтыға бермейтін, адам көрсе жақындай қоймайтын дала тағылары осы амалда көздері қанталап, былайғы «әдептерін» ұмыт қалдырады. Адам болсын, мал болсын жолынан шыққанды жайратып салып, кете береді. Көнекөздер бұл амал кезінде малын алысқа ұзатпай, адамдарына да сақ болған.

Зерттеуші Н. Уәли «бөрісырғақ» сөзіндегі «сырғақты» – бұршақ, кішкене мұзды қар түйіршіктері деп түсінуге болатынын да айтады. «Боранды күні ит пен бала құтырады» дегеннің де бұл амалға бір қатысы бар-ау, сірә?..

P.S: «Бөрісірғақты» ұмытқан қазақ, бөрілігін де ұмытады», – дейді Мерген Тоқсанбай…

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button