Жаңалық Редакция таңдауы

Бозжыра - Қазақстандық Аризона

Әр аймақтың немесе елдің өзіне тән табиғи ерекшелігі болады. Мысалы, Солтүстікте – Бурабай, Шығыста – Катонқарағай, Оңтүстікте – Отырар, Түркістан сияқты жерлер. Ал Батыстың бетке ұстары – Бозжыра шатқалы.

Тіпті Бозжыраны Маңғыстаудың туристік «Меккесі» деп те атайды. Қарт Каспийдің жағасында ор­наласқан Ақтауға табаны тиген кез кел­ген қонақ пен турист Бозжыраға атбасын бұрмай кете алмайды. Әрі бұл мекен об­лыстың символына айналған.

Бозжыра шатқалы Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің батыс бөлігінде орналасқан. Ол Ақтау қаласынан 300 шақырым қашықта жатыр. Бұл жердің таңғажайып тастақты және жартасты аймағы ғарышқа ұқсас ландшафтарды еске түсіреді.

Кейбір саяхатшылар Бозжыраны АҚШ-тағы Үлкен каньонмен салыстырып, оны «Қазақстандық Аризона» деп атайды.

Бозжыра шатқалындағы «Азу» деп аталатын әктастың екі шың – осы өлкені визит картасы десе де болады. Сондай-ақ, шатқалдағы таулардың пішіні киіз үйге, сүңгуір қайық пен бекініске, тіпті құзар шың тәрізді.

Бозжыра шатқалы – б.з.д. шамамен 251-66 миллион жыл бұрынғы мезозой кезеңінде – Лавразия мен Гондвана құрлықтары арасында болған ежелгі Тетис мұхитының орнында қалыптасқан деп болжанады.

Шатқалдың солтүстік жағы теңіз деңгейінен 268 метр биіктіктегі Жосалы төбесімен шектеседі. Босжыра шатқалының оңтүстік-батыс жағы Байсары шатқалымен шектеседі. Шатқалдың батысынан табиғи шекарасы Үстірттің батыс шеті, оңтүстік жағында құмтас орналасқан. Шатқалдың оңтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 287 метр биіктікте Босжыра тауы орналасқан.

Бозжыраға аяқ басқан саяхатшыларды бірінші кезекте осы соқадай болып шошайған «азу тістер» күтіп алады. Бұл биіктігі 200 метрге жететін, бор үйіндісінен көтерілген әктас шыңдар. Бұл алқап үш жағынан табиғи амфитеатрмен қоршалған. Мұнда бәрі ақ: каньондар, шыңдар, мұнара таулар, бәрі-бәрі. Бозжыра тау тізбектері хамелеондар сияқты, оларды айналған сайын сыртқы түрін өзгерте береді.

Бір қызығы, мұнда киіз үй, сүңгуір қайық, қамал секілді халық пошымына қарап атау берген түрлі таулар бар.

Бозжыра шатқалының түбі құмды және тасты сортаңдар мен тақырлардан тұрады. Климаттың тіршілік етуге қолайсыздығына қарамастан, мұнда табиғат қуаңшылығына шыдамды өсімдіктер өседі. Босжыра шатқалындағы көзге түсетін  ең әдемі өсімдік, бұл – шөлде өмір сүруге бейімделген гиацинттердің (күлгін гүлдердің) ерекше түрі. Олардың ерекшелігі сонда, бұл өсімдік түрі құрғақ, тасты жерде гүлдейді. Сондай-ақ, мұнда сіз құмды акацияның және шырынды, жапырақсыз анабазаның бірнеше түрін таба аласыз.

Жәндіктерден кесірткелер, шаяндар мен тасбақалар жиі кездеседі. Айтпақшы, кесірткелер өмір сүру ортасына қарай тастың, тауды, шөптің түстеріне байланысты түстерін әралуан етіп өзгертіп отырады.

Тарихшылар мен зерттеушілер бұл жерлерден көш жолын таппағанын айтады. Шөлді аймақтың өмір сүруге қолайсыздығына байланысты, Бозжыра аумағына ешқашан ел қонбаған деген де болжам бар.

 

Дереккөз: EL.KZ

Фотосуреттер Азамат Сарсенбаевтың Facebook парақшасынан алынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button