Жаңалық Редакция таңдауы

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этно-фестиваль өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында республикалық этно-фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көпшілік назарына «Шолпы тағу» дәстүрі көрсетілді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фестивальге мемлекеттік органдар өкілдері, ғалымдар, археологтар, этнологтар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлттық дәстүрлерді тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, салт-дәстүрдің насихатталуына атсалысты.

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәдени мұраның сақталуы халықтың тәрбиесі мен біліміне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға көп көңіл бөледі. Рухани мұра – мемлекет құндылықтарының бірі. Әлемдік тәжірибеде мәдени мұра аса маңызды әлеуметтік функциясы бар мәдениеттің бір бөлігі ретінде қабылданады», – деп атап өтті Күміс Сейітова.

Бойжеткен қыздар тағатын шолпы мен шашбау әшекейлері тек сәндік тұрғыда қолданылмайды, оның қазақ мәдениетіндегі мәні мен маңызы өте терең.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button