БҚО-да экомектептер мен экобалабақшалар көбейеді
Өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан білім басқармасы бірыңғай экологиялық білім беру кеңістігін құрды деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласынадағы және аудандардағы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Экобалабақша» жобалары енгізілді.
Жобаға қатысушы мектептер мен балабақшалар экологиялық кеңес құрып, мектептер «Өсімдіктер әлемі және топырақ», «Жануарлар әлемі», «Ауа», «Су», «Табиғатты пайдалану әліппесі» және мектепке дейінгі ұйымдар «Экологиялық кітаптармен танысу», «Жануарлар әлемінде», «Экологиялық ойындар», «Шығармашылық», «Табиғатты зерттеушілер (барлаушылар)» бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Алдағы уақытта «Экомектеп» және «Экобалабақша» жобаларына енетін білім беру мекемелерінің қатары өседі деп күтілуде.