Жаңалық

Британия ғалымдары Стоунхендж сырын ашты

Өткізген зерттеуіне сүйенсек, алып тастар осыдан шамамен 4,5 мың жыл бұрын бұл жерге әкелініп орнатылған.

Ғалымдар мегалиттер 25 шақырым қашықтықтағы Уэст-Вудс кенішінен әкелінгенін анықтады. Алайда ежелгі британдықтар осындай алып тастарды қалай тасымалдағаны әлі белгісіз. Шанамен әкелген деген жорамал бар.

Стоунхендж тастары қайдан және қалай әкелінгені бірнеше ғасыр бойы археологтар мен геологтар арасында дау туғызып келеді.

Дэвид Нэш, Брайтон университетінің профессоры:
– Стоунхендж тастарының арнайы химиялық сараптамасын өткіздік. Оның нәтижелерін осы тастар алынуы мүмкін 20 жермен салыстырдық. Стоунхенджке ең жақын Уэст-Вудс жерінен болып шықты. Енді біз бұл тастар қайдан әкелінгенін білеміз.

Стоунхендждің шығу құпиясын білу үшін ХХІ ғасырдың ғылымын пайдалану қызық болды. Алайда сыры әлі ашылмаған тағы да сұрақтарымыз бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button