Жаңалық
Редакция таңдауы
Бүгін – Білім күні
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Ruh.kz.
![](/storage/storage/element/2023/09/01/mainphoto/KXZetxzGZ2ekxRmmCuZDTgkiEV36fFv7AOgD7AYz.jpg?time=1700853501)
Осы айдан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға, колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі.
Сондай-ақ, 1,4 миллионнан астам 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады.
55 мың қазақстандық бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Еліміздің мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады. Бұл шаралар отандық білім сапасын арттыруға, балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.