Бүгін - Бүкіләлемдік философия күні
18 қараша ЮНЕСКО шешімі бойынша Бүкіләлемдік философия күні болып жарияланды. Ол 2002 жылдан бері қарашаның әрбір үшінші бейсенбісі атап өтіліп келеді.
Бұл күннің басты мақсаты – қарапайым адамдарды философиялық мұрамен таныстыру.
«Философия» ұғымы көне грек тілінен аударғанда «даналыққа сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Ғылым өмірдің түпкі себептерін зерттейді.
Философия күні қалай атап өтіледі?
Қараша айында атап өтілетін күн еркін ойлауға, пікір алмасуға арналған. Сол себепті ЮНЕСКО өзінің барлық серіктесін түрлі іс-шаралар мен философиялық әңгімелерді, пікірталастар мен конференцияларды, мастер-кластар мен тұсаукесерлерді ұйымдастыруға шақырады.
Ұйым философияның қызықты ғылыми пәннен бөлек, қоғамды өзгерте алатын күнделікті өмір тәжірибесі екенін еске салады. Бізді әлемдегі зияткерлік ағымдардың алуан түрлілігімен таныстыра отырып, философия мәдениеттер диалогына ықпал етеді. Ол ойлау мен сындарлы пікір алмасуға деген қызығушылықты оята отырып, толеранттылық пен құрмет принциптері жақсы сақталатын қоғам құруға жағдай жасайды.