Жаңалық

Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні

Фото: gov.kz

Мереке 1979 жылы Испанияның Торремолинос қаласында Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясымен бекітілді. Жыл сайын 27 қыркүйек күні атап өтіледі, деп хабарлайды Ruh.kz.

Меркенің мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастықтың экономикасына қосар үлесін айту, әртүрлі елдер халықтарының арасындағы байланысты дамыту.

Мереке көптеген елдерде атап өтіледі. Бұл күні туристердің слеті, мерекелік іс-шаралар мен фестивальдар ұйымдастырылады.

Бүкілдүниежүзілік туристік ұйым жыл сайын мерекенің ұранын бекітеді. Мәселен, ең алғашқы - 1980 жылы әлем жұртшылығы оны «Туризмнің мәдени мұраны, бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтаудағы үлесі» ұранымен атап өтті.

1981 жылы - Туризм және өмір сапасы, 1982 жылы - Саяхаттың жақсысы: жақсы қонақтар және жақсы иелер... 2010 жылы - Туризм байыта түседі, 2011 жылы - Туризм мәдениеттерді біріктіреді деп аталса, биыл мерекенің жалпыға ортақ ұраны - Туризм және тұрақты энергетика.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button