Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін - Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен Халықаралық кітап сыйлау мерекесі жыл сайын 14 ақпанда атап өтіледі. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Бұл күні, ең алдымен  балаларға, сондай-ақ белгілі-бір себептермен кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітапты сыйға беру үрдісі қалыптасқан. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітап рухани құндылық ретінде бағалана бастады. Бүгінгі таңда мерекеге қатысуға кітап сауда желілері, кітап өнімдерін сататын сайттар, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары ықпал етуде.

Осы мерекеге орай Ruh.kz саясат туралы кітаптар топтамасын ұсынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button