Бүгін - медицина қызметкері күні
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.
Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн қашанда асқан шеберліктің иесі – ақ халатты абзал жандардың мерекесі.
Бүкіл әлемде коронавирус пандемиясына байланысты медицина қызметкерлерінің мерекесінің биыл маңызы зор.
Әлі де алдыңғы қатарда жүрген бүгінгі күннің батырлары талмай еңбек етіп жатыр.
Мерекені сөз етіп, абзал жандарға алғыс білдіреміз! Медицина кәсібі – адамгершіліктің, асылы. Медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына бақыт-береке тілейміз!