Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін оқушыларға 39 жаңа мектеп өз есігін ашты

Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта 1000 пәндік кабинет ашылып, қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынатын болады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылады.

Соынмен қатар жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, мемлекет жыл сайын мектептердің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button