Жаңалық

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет атанғанына бүгін 33 жыл толып отыр, деп хабарлайды Ruh.kz.

1991 жылдың 8 желтоқсанында Кеңес одағының құрамындағы 3 мемлекет - Беларусь, Ресей және Украина елдері өзара КСРО ыдырауы мен ТМД құрылуы жайлы Беловеж келісім шартына қол қойғаннан кейін   15 мемлекет өз тәуелсіздігін жариялады.

Одақтан бөлініп шыққан 15 мемлекеттің ішіндегі Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. 

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындаған еді. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындап, таныды. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.

Егемендікке қол жеткізген күннен бастап Қазақстан өзінің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, мемлекеттігін нығайта түсті.  

Бүгін Қазақстан экономикасы дамыған, бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы бар мемлекетке айналып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button