Жаңалық Редакция таңдауы

Бүгін – Республика күні

25 қазан елімізде жалғыз ұлттық мейрам – Республика күні, деп хабарлайды Ruh.kz.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнін қайтару туралы ұсынысы халық қолдауына ие болып, сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Биыл, міне «ұлттық мереке» мәртебесін ие болған Республика күнін екінші жыл қатарынан тойлап отырмыз.

Бұл мерекенің 13 жылдан кейін қайта енгізілуі – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам.

Мереке тарихы

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл – Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды құжат.

Сол кезден бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Декларацияның қабылдануымен еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Алғаш рет ел аумағының тұтастығы қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысын қалыптастыру және нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекіді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектенді. Осы акт арқылы ҚазССР өз ішкі әкерін, мемлекеттік қауіпсіздігі пен ішкі істер органдарын, сот билігін құру құқығына ие болды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақста Республикасының негізі қаланды.

Осылайша, бұл мереке 1992 жылдан бастап жыл сайын 25 қазанда аталып өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «Ұлттық мереке» болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен бұл мәртебеден айырылып, мемлекеттік мереке санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Осылайша 10 жылдан астап уақыт Республика күні тойланған жоқ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button