Жаңалық

Бүгін сенің күнің!

Әлемде 8 миллиардқа жуық адам тұрады. Сан тағдыр сан жолдармен бір-бірімен тоғысып, өзіндік үйлесім табатындығы – қызық жайт. Осы себепті, әр адамның өмірі әлеуметпен ұштасады.

Әлеуметтік желілер пайда болғаннан бері бұл үрдіс тым күрделі сипатқа ие. Біз өзге адамдардың өміріне куә болып, бақылауды қалыпты жағдайға араластырып алдық. Кейде өз өмірімізден гөрі, өзге адамдардың өмірің сүріп жатқандай күйде боламыз. Ал бұл – ең үлкен қателік болып табылады.

Сіздің өміріңіз тек қызықты немесе табысты жайттармен шектелмейді. Әр атырған таңыңыз бен кешіңіз – сіздің өміріңіздің маңызды да қымбат бөлшегі. Осы себепті, әр күніңізді тек шынайы күлкімен атырыңыз. Оянған кезде алғыс айтуды ұмытпаңыз. Бұл – тек сіздің өміріңіз! Оны қандай түстерге бояуды өзіңіз ғана шешесіз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button