Бүгін жазушы Асқар Тоқмағамбетовтің туған күні
Жазушы проза жанрында жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» повестерін жазды, деп хабарлайды Ruh.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысын жайындағы «Әке мен бала» романын кейін кайта толықтырып, «Қарбаласта» деген атпен жариялады.
Тоқтағамбетов — ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Оның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы – «Күлкі-сықақ» 1929 жылы жарыққа шықты.
Қаламгер «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарийін де жазды. Сондай-ақ С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды.