Мақала

«Бурабай аңыздары» форумы өз мәресіне жетті

14 қыркүйекте Көкшетау қаласында "Qazaqstan A la Prima " форумдар сериясы шеңберінде «Бурабай аңыздары» халықаралық суретшілер форумының ресми жабылуы өтті. «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әлемдік суретшілері сыйлаған 40 суреттің көрмесі ұйымдастырылды.

Арт-форум 20 белгілі әлемдік суретшілердің басын қосқан: Динара Нұгер, Жұбаниязов Өмірбек, Елена Иоктон, Бақытнұр Бурдесбеков, Бақытжан Досимов (Қазақстан), Эркин Джураев (Өзбекстан), Ильнур Сиразиев, Виктория Маврина (Татарстан), Шаршекеев Алмаз (Қырғызстан), Геймран Баймұханов (Ресей), Роберт Хеттих, Ольга Мюллер (Германия), Елена Рузгус, Эмине Токмаккая (Түркия), Летхан Тунг, та Дуй (Вьетнам), Джакка Джанг (Корея), Алан Скаласки, Айсұлу Қадырханова (АҚШ), Рам Виранжан (Үндістан).

 

Бұдан бұрын, қыркүйектің 3-нен 13-не дейін қылқалам шеберлері үшін студиялық жұмыстар, плэнер, Бурабайдың киелі және тарихи жерлеріне туристік жорықтар ұйымдастырылды.

 

«Біз үшін Бурабай – ерекше қасиетті орын. Бұл жерде табиғатты қалай жақсы көретінініңді түсінесің. Форум суретшілердің жұмыстары арқылы бүкіл әлеммен осы өлкенің сұлулығымен бөлісуге бірегей мүмкіндік берді!»,- дейді “A la Prima” директоры Әйгерім Сейкенова»

14 қыркүйекте көрмеге келе алмаған адамдар облыстық әдебиет және өнер мұражайында суретшілердің жұмыстарымен таныса алады.

 

Ақмола облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button