Жаңалық Редакция таңдауы

БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды бірауыздан қабылдады

Фото: СІМ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстандағы Семей өңірінде халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және әрекет үйлестіру туралы қарары бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды Ruh.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл - БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне арналған он бірінші қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы қабылданды. БҰҰ-ның 85 мүше-мемлекеттері қарардың бірлескен авторлығына қосылды.

Семей өңірі бойынша қабылданған қарар – халық, әсіресе, жас балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулықтарына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарлары бойынша халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығының көрнекті дәлелі.

Құжатта Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі атап айтылады. Сондай-ақ құжат халықаралық қауымдастықты зардап шеккен халықты емдеу мен қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалар мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асырып отыр, сондай-ақ Семей өңірінде экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша күш-жігерлерге Қазақстанға көмек беруге шақырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button