Жаңалық

«Camp time» лагерлері туралы не білесіз?

Павлодар облысында 17 мыңға жуық оқушы қашықтықтан «Camp time» лагеріне қатысты

Жобаны М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскерлері құрастырған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– Лагерь өз жұмысын 15 маусымнан бастады және 10 тамызда аяқталады, – дейді оқушылар сарайының әдіскері Әсем Айыпова. – Екі айдың ішінде оқушылар түрлі бағытта  дене шынықтыру бойынша өңірлік оқу-практикалық орталығы, балалар көркемсурет мектептері, «Қайнар» ОДК, «Ақсу» балалар эко-техно орталығы, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы сияқты қосымша білім беру ұйымдарымен бірлесіп  ұйымдастырылған шараларға қатысты.

Лагерь жұмысы жеті тақырыптық мектепте өтті. Онлайн-режимде қызығушылықтар бойынша сабақтар, тренингтер, мерекелер, қарым-қатынас сағаттары, экскурсиялар, көрмелер, шығармашылық кездесулер, концерттер, конкурстар, викториналар, жарыстар, зияткерлік және спорттық ойындар, челлендждер, акциялар өткізілді.

«WOW-шоу» шығармашылық мектебінде шығармашылық іс-шаралар фестивалі өтті. Оған «Қазақстандық ертегі кейіпкерлері»,  ең үздік авторлық, театрландырылған костюмді анықтайтын «Жазғы карнавал», отбасылық онлайн «Караоке-батл» ойын сабақтары кірді.

«Техно-LAB» техно-мектебінде «Интерактивті анимациялар және шағын ойындар» бағдарламалау курсы, «Таңғажайып астрономия» танымдық сабақтары, «Техно-ВООМ» шығармашылық шеберханасында – автобустар мен кемелерді модельдеу ұйымдастырылды.

«Шығармашылық идеялар әлемі» зертханасында және «ArtMagig» және «Арт – Пикассо» жас  суретші мектебінде қызықты сабақтар ұйымдастырылды.

– Лагерьге облыстың кез келген оқушысы қатысады, – дейді Әсем Айыпова. – Қатысушылар өздерінің фото және видео материалдарын әлеуметтік желілерде хэштег астында көрсетеді. Жазғы кезең аяқталғаннан кейін лагерьдің әр мектебі өзінің қызмет бағыты бойынша онлайн мектеп, арт-мектеп, онлайн жинақ, дайджест немесе онлайн фестиваль, интерактивті батл, спорттық челлендж өткізеді. Екі ай ішінде лагерь жұмысына облыстың 16819 оқушысы қатысты, әлеуметтік желілерде фото және видео материалдар 18013 қаралым жинады.

А.Бекжанқызы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button