Cәрке батыр – Әбілқайыр ханның сенімді серіктесі (инфографика)
Алтын сапты, алмаш қылышты Сәрке батырдың тұғырының бұл өлкеде тұрғызулуы тегін емес. Тарихи деректерде даңқты қолбасшысының осы жерлерді мекен еткені жайлы жиі айтылады. Cәрке батыр Әбілқайыр ханның сенімді серіктесі, қаһарман батырларының бірі болған. 1726 жылы қазақ-қалмақ шайқасында Әбілқайыр хан мен Тайлақ батыр бастаған әскерінің құрамында ерлігімен көзге түскен. Оның батырлығын Ресей патшалығы да мойындаған деседі. Сәрке Меңдібекұлының өмір жолы мен елінің азаттығы жолында жасаған ерліктері Қосестек мектебінде өткен ғылыми конференцияға арқау болды. Тарихи деректерге сүйенсек, Сәрке батыр Ырғыз бен Торғай төңірегіндегі Қарасиыр деп аталатын алқапта жоңғар басқыншыларымен бетпе-бет кездесіп, қарсыластарын жер жастандырған. Балқаш көлі маңындағы тағы бір шайқаста айбыны одан әрі артады. Осындай ерліктері үшін халық арасында алтын сапты, алмас қылышты Сәрке батыр атаныпты.