Cіз естімеген 5 ғылыми факт
Ғылым – күнделікті өмірден бөлек қарастырылатын нәрсе емес, біз күнде кездесіп жүрген жағдайлар.
Бұл мақалада айтылатын деректер аса маңызды болмаса да, біздің өмірімізден тығыз байланысты және ғылымға деген қызығушылығымызды арттыра түседі.
№ 1 факт. Орташа есеппен адам көзі тірсінде экватор сызығын үш рет өтетіндей қашықтықты жүріп өтеді.
Экватордың ұзындығы, шамамен, – 40 075 км. Бұл санды үшке көбейтсек 120 225 км. Адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жыл болса, біз жылына, шамамен, 1717 шақырым жол жүреді екенбіз.
№ 2 факт. Бір шай қасығындағы тірі организмдердің саны планетамыздағы бүкіл адам санынан көп.
Топырақтың бір шаршы сантиметрінде миллиардтаған бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және басқа да организмдер бар. Бір грамм құрғақ топырақта 60 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
№3 факт. Адамның бойы кешкісін таңертеңгіге қарағанда 1% аласа болады.
Күні бойғы қысымның әсерінен буындарымыз жиырылады. Қалыпты өмір салтымен кешке қарай адам бойының биіктігі 1-2 см-ге төмендейді, бұл шамамен 1% құрайды.
Бойдың максималды төмендеуі ауыр атлетикадан кейін орын алады. Ол үш немесе одан да көп сантиметр болуы мүмкін. Бұл омыртқалардың қатаюына байланысты.
№4 факт. Қысымның көмегімен жержаңғақ майынан алмаз өндіруге болады.
Бавариялық геофизика және геохимия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 2900 шақырым тереңдікте қысым атмосфералық қысымнан 1,3 миллион есе жоғары болатын жердің төменгі мантиясының жағдайын зертханада модельдеуге тырысты. Эксперимент барысында гауһар тастарды өндірудің кейбір инновациялық жолдары ашылды. Гауһар тастар өте жоғары қысымда көміртектен түзіледі екен. Көміртек барлық дерлік тағамдарда кездеседі.
№5 факт. Эйфель мұнарасының биіктігі ауа температурасына байланысты 12 сантиметрге өзгере алады.
Ұзындығы 300 метр болатын темір шыбы ауа температурасы бір градусқа көтерілгенде, 3 мм-ге ұзарады. Биіктігі шамамен 324 метр болатын Эйфель мұнарасы да дәл солай болады.
Ыстық күні мұнара материалы +40 градусқа дейін қызады, ал қыста 0 градусқа дейін салқындайды. Осылайша, Эйфель мұнарасының биіктігі 12 сантиметрге (3 мм * 40 = 120 мм) дейін ауытқуы мүмкін.