Жаңалық
Редакция таңдауы
Comic Con Astana-2023: Қазақстанда халықаралық комикстер фестивалі өтті
Елорда төрінде комикстер, аниме және бейне ойындар жанкүйерлеріне арналған Comic Con Astana-2023 Халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фестивальге қатысқан Ualikhanov University қонақтарды «Шоқан. Уақыт аралығы» атты комиксімен таныстырды. Комикстің бірінші шығарылымы «Шоқан және Қашқарияның жауыз көсемі» деп аталды. Идея авторы университеттің бірінші проректор Ғалым Байтоқ, жасаушы университет түлегі Дархан Өмірбаев.
Бұл Шоқан Уәлихановқа арналған Қазақстандағы алғашқы комикс. Комиксте фантастика, шынайы оқиға, және комедия жанры бар.
Сондай-ақ, ЖОО Шоқан Уәлихановтың бейнесіндегі «Әуесқой косплей» байқауына қатысып, үлкен қошеметке ие болды.