Жаңалық

COVID-19 туралы ақпарат таратуға қанша теңге жұмсалды?

«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы аясында 1900-ге жуық мұқтаж отбасыға, 1300-ден астам шағын және орта бизнес өкілдеріне және 5 провизорлық клиникаға көмек көрсетілді.

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы ағымдағы жылдың 23 сәуірінде іске қосылып Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын қамтыды.

Бағдарлама карантин және төтенше жағдайдың халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарды қолдау, БАҚ арқылы қоғамның хабардарлығын арттыруды мақсат еткен.

«Қазақстан Республикасына 27 жылдан астам сенімді серіктес болып келе жатқан біздің компания осы аумалы-төкпелі кезеңде шет қалмай, елдің сынақтан аман өтуге қабілетін арттыра түсті. Медициналық құрал-жабдықтар алумен қоса біз пандемияға төтеп беруге халықтың әлеуетін арттыруға бет бұрдық. Нәтижесінде мыңдаған адамға және көптеген мекемелерге көмек көрсете алдық», – деді «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова.

Карантиннің халыққа тигізетін негативті әсерін азайту азаматтық және еріктілер ұйымдардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға көрсетіліп жатқан көмектерін координациялау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде БАҚ беттерінде қазақ тіліндегі сапалы контенттің саны артты.

Байқауға 100-ден астам ҮЕҰ қатысты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының 11 ҮЕҰ «Qolda» шұғыл көмек жобасының грант иегері атанды.

«Елімізде ТЖ мен карантин басталған соң біздің қор бірден қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Жұмысымыз тиімді әрі нәтижелі болу үшін техникалық базамызды жетілдіру керектігін түсіндік. Бағдарламалық жасақтамаларды жаңартып, ноутбуктер сатып алынды. Қашықтан жұмыс істеу форматында біздің қордың командасы 8 жобаны тиімді жүргізіп отырды. Соның ішінде «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы бар. Бұл жоба өзін эффективті жоба ретінде көрсетті. Жақсы және жаман жақтары да бар. Екінші кезеңі жетілдіріледі», – деді «Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ директоры Ринад Темірбеков.

ҮЕҰ-ға бөлінген 24 млн теңге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар мен мигранттарға, пандемия салдарымен күреске азаматтық қоғамды қауіпсіз түрде тартуға, жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнеске консультациялық көмек пен қолдау көрсетуге және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған бастамаларға жұмсалды. Бұл қаражат COVID-19 туралы мемлекеттік тілдегі контенттің сапасын арттырып, қоғамды ҰЕҰ жұмысымен таныстырып, үкіметтің пандемия кезеңіндегі қызметі туралы ақпараттандыруға бөлінді.

Жоба аясында атқарылған жедел әрі мобильді жұмыс нәтижесінде ҮЕҰ апта сайын уақытылы есеп беріп отырды. Сол есептің негізінде newsletter-лер дайындалып, «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасының грантын ұтқан БАҚ-қа жіберіліп отырды. Бұл жұмыс апта сайын жүргізіліп, БАҚ оқырмандарына уақытылы сенімді ақпарат алу мүмкіндігін берді. Newsletter тарату жүйелі түрде жүргізіліп отырды және оқырмандарға дер кезінде расталған ақпарат алып отыруға керемет мүмкіндік берді. Грант иегері атанған жеті БАҚ: «STEPPE» басылымы, «Baribar Media» мультимедиялық контент дайындайтын көпсалалы сайт, «RELIANCE» бейкоммерциялық интернет радио, «Manshuq Media» онлайн порталы, «Hola News» ақпараттық порталы, «Dalanews» ақпараттық агенттігі, «Қазақстан ММ радиосы» қоғамдық интернетрадиосы.

«Өтініш білдіргендердің сұрақтары ұқсас болды. Олардың барлығы қазіргі жағдайды түсінбеуімен байланысты. Адамдар болашақта не болатынын және қазіргі жағдайда қалай әрекет ету керектігін білмеді. Біздің алдымызда тұрған міндеттер кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру, көмектесу, кеңес беру еді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне карантиннің негативті әсерін азайту мақсатында мемлекет іске қосқан механизмдер мен процесстерді түсіндіріп отырдық. Біздің қауымдастық отбасылық кәсіппен айналысатын адамдармен көп жұмыс жасайды. Олардың бизнесі бүкіл отбасыны асырап отыр», – «Қазақстанның отбасылық бизнесі ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің басшысы Исакова Я.

«Qolda» жедел көмек жобасы Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен бірлестікте Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындарына карантиннің негативті әсерін азайту мақсатында жасалып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

Корпорация «Шеврон» Бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button