Жаңалық

Данэлия Төлешова ширек финалға қалай өтті? (видео)

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Данэлия британиялық танымал әншіні Jessie J «Who you are» әнін орындады. Жас әнші Instagram желісіндегі парақшасында өзіне дауыс беруді сұрады. Ол үшін NBC телеарнасының ресми сайтына кіру керек. Дауыс беруге тек АҚШ тұрғындары қатыса алады.

Еске салайық, Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының алғашқы кезеңінде қазыларын таңғалдырды. Әділ қазының 4 мүшесі оның келесі айналымға өтуіне дауыс берді. Кейін оның ширек финалға өткені хабарланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button