Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
![](/storage/storage/element/2021/11/24/mainphoto/cUb58vPAtd5lyDymeUIBICUArDBA4QkDUYZ6v116.jpg?time=1705122599)
ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды. 2016-2018 жылдары — Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.