«Дарабоз-2017» турнирінің жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Атырау өңірінде өткен «Дарабоз-2017» турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Атырау облысының Алмалы ауылында өткен турнирдің алғашқы сайысы топ және аламан бәйге ойындарымен басталды. Топ бәйгеге әр өңірден келген сегіз қатысушы он бес шақырым қашықтықта жарысса, аламан бәйге отыз бір шақырымнан тұрды. Жарыстарға «Астана» көкпар клубының президенті Аманжол Қасенов пен Атыраудағы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Өнербек Жанбала төрешілік етті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, халық бәйгені табжылмастан қарап, қолдау білдірді.
«Мыңнан тұлпар жүзден жүйрек оза шапқан топ бәйгеде алғашқы боп келген Маңғыстаулық Бақытжан Жеткізген бір миллион теңгенің иесі атанды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Әміржанов Қадыр екі миллион теңге иеленді. Бұдан бөлек, турнир аясында қазақша күрес, асық ойындары да өткізілді. Онда Қызылқоғаның жігіттерінің асығы алшысынан түссе, жауырын жерге тимеген Күзембаев Кенжебек қазақ күресінен бірінші орын алды», – делінген хабарламада.
«Бүгінгі өткізіліп жатырған шара нұр жауып тұрған күнде өтуде. Жаңбырда молшылық болады демекші, лайым солай болсын. Елбасымыздың «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада тарихи кездерді еске салған сахналық қойылым болды. Міне, бұл сананың жаңғыруы. Өз біліктері мен ептіліктерін көрсеткен жігіттерге қарап, қызығушылық таныттық. Ата бабамыздың көне кәсібіне адал болған атқа мінер азаматтардың қатары көбейсін. Жарыстан орын алмаса да, олардың қатысқандарының өзі үлкен жеңіс»,- деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, 100 адам қатысқан сайыста ең көп салым салған Құрамаев Қуанышбекке «Алтын қамшы» және 1 миллион теңге сыйақы табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында «Қансонар-2017» республикалық бүркітшілер бәсекесін өткізіп, бас жүлде иегері су жаңа автөкөлікті қанжығасына байлаған болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған «Дарабоз-2017» Республикалық жаппай көкпар турнирінің де сыйақысы 15 миллион теңгені құрады.