Жаңалық

«Дарабоз-2017» турнирінің жеңімпаздары кімдер?

Ептілікті, өжеттілікті, шапшаңдылықты, тапқырлықты талап ететін қазақ халқының ұлттық ойындары жетерлік. Әсіресе, көкпар ойыны қазақ жұртшылығына ғана емес, сонау Орта Азия халықтарына да жақсы таныс. Атадан балаға мұра болып келетін бұл спорт түрінен жылма-жыл түрлі бәйгелер ұйымдастырылып келеді.

Биыл Атырау өңірінде көкпар бәйгесі Республикалық деңгейде ұйымдастырды. Еске сала кетсек, жыл басында  «Қансонар-2017» Республикалық бүркітшілер бәсекесін өткізіп, бас жүлде иегері су жаңа автөкөлікті қанжығасына байлаған болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған «Дарабоз-2017» Республикалық жаппай көкпар турнирінің де сыйақысы 15 миллион теңгені құрады. Сонымен, бұл қаржы кімге бұйырды?

Алмалы ауылында өткен турнирдің алғашқы сайысы топ және аламан бәйге ойындарымен басталды. Топ бәйгеге әр өңірден келген сегіз қатысушы он бес шақырым қашықтықта жарысса, аламан бәйге отыз бір шақырымнан тұрды. Жарыстарға «Астана» көкпар клубының президенті Аманжол Қасенов пен  Атыраудағы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер Өнербек Жанбала төрешілік етті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, халық  бәйгені табжылмастан қарап, қолдау білдірді.

Мыңнан тұлпар жүзден жүйрек оза шапқан топ бәйгеде алғашқы боп келген Маңғыстаулық Бақытжан Жеткізген бір миллион теңгенің иесі атанды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Әміржанов Қадыр екі миллион теңге иеленді. Бұдан бөлек, турнир аясында қазақша күрес, асық ойындары да өткізілді. Онда Қызылқоғаның жігіттерінің асығы алшысынан түссе, жауырын жерге тимеген Күзембаев Кенжебек қазақ күресінен бірінші орын алды.

Атап өтілген жарыстардан соң, «Дарабоз 2017» турнирінің ресми ашылу салтанаты өтті. М.Өтемісұлы атындағы драма театрдың актерлары театрланған қойылым көрсетіп, Ибрагим Ескендір ән шырқады.

-Бүгінгі өткізіліп жатырған шара нұр жауып тұрған күнде өтуде. Жаңбырда молшылық болады демекші, лайым солай болсын. Елбасымыздың «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада тарихи кездерді еске салған сахналық қойылым болды. Міне, бұл сананың жаңғыруы. Өз біліктері мен ептіліктерін көрсеткен жігіттерге қарап, қызығушылық таныттық. Ата бабамыздың көне кәсібіне адал болған атқа мінер азаматтардың қатары көбейсін. Жарыстан орын алмаса да, олардың қатысқандарының өзі үлкен жеңіс,- деп аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы ұйымдастырушарға ризашылығын жеткізді.

Аламан бәйгенің жеңімпазы Әміржанов Қадірдің тұлпары осымен бесінші рет шабуы екен. Қай жарыстан болмасын, тұлпары сенімін ақтап келеді.

– Ат баптау да оңай емес. Оның тамағы мен күтімі бар. Қазақ халқы ат шабама, әлде бақ шабама деп айтады ғой. Бүгіні бағы да бабы да сай келген күн болды.

Турнирдің басты бәсекелестік тартысы жаппай көкпар ойындарына әлем чемпиондарыда бар. Ал 100 адам қатысқан сайыста ең көп салым салған Құрамаев Қуанышбекке «Алтын қамшы» және 1 миллион теңге сыйақы табыс етілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button