Арнайы жобалар
ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП
Арнайы жоба «Дәстүр мен ғұрып»
Жобаның мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту;
Жалпыхалықтық рухани құндылықтарды күшейту;
Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру;
Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қазақ асханасының пайдасын дәріптеу.