Жаңалық

«Дәстүрді сақтай отырып»

Шымкентте «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында республикалық «Дәстүрді сақтай отырып» фестивалі өтті.

Шымкентте «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында республикалық «Дәстүрді сақтай отырып» фестивалі өтті. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту департаменті мен «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту аясында өткізілген фестивальде Қазақстандағы барлық ұлыс өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері театрландырылған қойылымдар арқылы көрсетті.

Шара вокалды хореографиялық композициялар және түрлі ұлт аспаптардың орындауындағы музыкалық қойылымдармен жалғасты. Көпшілік барша қазақстандықтың ортақ мәдени коды, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халықтың бірлігін нығайту мақсатында «Қазақтану» жобасы аясындағы шара барысында «Отбасылық құндылықтар кітабы» атты мәдениет орталықтары дайындаған көрмені тамашалады. Көрмеде жиналғандар назарына ескі отбасылық фотосуреттер, фотоальбомдар, ұрпақтардан-ұрпаққа берілетін естеліктер ұсынылды.

Оңтүстік өңірінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері фестивальді көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button