Жаңалық

Дильназ Алматқызы: Ұстаз болғым келеді

Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектердің арасында ең жоғары балл жинаған Дильназ Алматқызы ұстаздық жолды таңдағаны туралы Ruh.kz порталы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жылда мектеп бітірушілер арасында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге Дильназ Алматқызы екі мәрте қатысып, алғашқысында – 134, екінші рет 137 балл жинады. Осылайша, жас түлек биыл облыста ең жоғары балл иесі болып табылады. Қызылорда қаласындағы Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушысы өз болашағын білім саласымен байланыстыруға талпынысын білдірді:

«Ұстаз болуды жаныма жақын тұтамын. Білген біліміңді балаларға үйрету деген керемет қой, маңызды миссия әрі ерекше жұмыс деп ойлаймын. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін», – дейді Дильназ.

Дильназ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу әр түлекке ерекше мүмкіндік сыйлап, сонымен бірге сынақ әділ әрі ерекше өтіп жатқанын ерекше атап өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button