Жаңалық

Докторантураға қабылдау онлайн форматта жүргізіледі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады.

Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

Пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар министрліктің хабарлауынша, енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button