Жаңалық
Редакция таңдауы
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші рет жеңіске жетті
Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
![](/storage/storage/element/2022/08/01/mainphoto/MzvD32jmkolkfSQU38iSqKQ31pkWZGUtLOlyvuoM.webp?time=1701100294)
Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген.
Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті. Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.