Жаңалық Редакция таңдауы

EJOI-2023: Қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық құрама 8-14 қыркүйек аралығында  Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Халықаралық олимпиадаға әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды:

Алтын – Мамадахунов Мансур – Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Күміс – Серікбай Сұңғат – Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Күміс – Аменов Әлем – Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Қола – Алдамжаров Әлішер – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button