Жаңалық Редакция таңдауы

Екібастұздағы апат жойылды. Қазандықтардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді

Екібастұз ЖЭО-да қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ruh.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

10 желтоқсан күні сағат 19.30-да Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы күлді шаю нәтижесіндегі су басқан барлық учаске құрғатылды. Жөндеу бригадалары екі электр қозғалтқышты ауыстырды, сорғы күл құбырының жұмысы қалпына келтірілді.

Ведомство мәлім еткендей, мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы толығымен отынның негізгі түріне – көмірге ауыстырылды. Қатты отынмен жылытылатын қазандықтарды іске қосу сағат 04.30-да басталып, сағат 06.00-де толығымен аяқталды.

Станция жұмысы берілген параметрлерге қайта оралды. Қазір 6 қазандық агрегат жұмыс істеуде. Гидравликалық режим берілген кестеге сәйкес келеді: 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-дан шыққан температура 79°С құрайды. Екібастұздықтар өз пәтерлерінде жылудың жақсарғанын келесі бірнеше сағат ішінде сезінетін болады, сағат 10.00-де жылу тасымалдаушының температуралық параметрлері 90°С болуы қажет, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында ақау анықталды. Салдарынан су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button