Жаңалық

«Эко-сана» сенбілік акциясы өтті

Шымкент қаласында «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «Эко-сана» сенбілік акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау.

Сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Кезекті тазалық акциясына жастар мәслихатының депутаттары, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 15 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.

Сондай-ақ, екі айға жалғасатын акция барысында көшпелі түрде өзен, көл жағалауларын күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады.

Аталмыш акция барысында үздік ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындар белгіленіп, бағалы сыйлықтар табысталады.

Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып орындалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button