Жаңалық Редакция таңдауы

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған жаңа оқулық жарық көрді

Қазақстанда өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында педагогтерге арналған экологиялық оқу құралы шығарылды.

Қазақстанның экологиялық қоры «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты әдістемелік құралын әзірледі.

«Басылымда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдар бар. Оқу құралының материалдарына отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтердің танымал әдістемелері де енгізілген», – дейді «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ басшысы Айгүл Абдуалиева.

Әдістемелік құралдың авторы – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Жанат Базарбекова.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, оқу құралы жалпы білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға мүдделі барлық тұлғаларға пайдалы болады.

«Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button