Ел ордасында М.Мәметоваға ескерткіш орнатылады
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдение даму барысы бойынша Жайық жұртшылығы биыл Астананың 20 жылдығына орай ерекше сый ұсынбақ. Яғни қаланың Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылады.
Мүсіннің эскизіне өткен жылдың аяғында республикалық байқау жарияланған болатын. Байқауға қатысқан 5 үміткердің ішінен астаналық мүсінші Мұрат Мансұров оза шауып жобасы ең үздік деп табылған.
Сонымен осы құрылыстың жалпы құны жарты миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Гүлмира Қауланова Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы:
–
Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы наурыз айында өткен комиссия отырысында бұл жоба мақұлданып, оң шешімін алған. Қазіргі таңда ескерткіш дайындалу үстінде. Жалпы биіктігі 6 метрге жуық. Соның ішінде ескерткіші – 3,6 метр. Қоладан жасалмақ.