Жаңалық Редакция таңдауы

Электронды хат жазу әдебін білесіз бе?

Әр кәсіпкер үшін іскерлік хат жазуды білу міндет. Болашақ әріптестеріңіз жазбаларыңызды оқып сіз жайлы пікір қалыптастырады. Бүгін біз сіздерге электронды хат жазысу әдебі жайында және хат жазғанда нені ескеру керектігі туралы ақпарат береміз.

Поштаңызға хат келгенде ең алдымен оның адресіне мән бересіз, сол себепті іскерлік хат жазғанда жеке аккаунттарды қолданбаңыз. Сондай-ақ, info-inbox деген сөздерден басталатын адрестен ешнәрсе жібермеңіз. Өйткені, жұрт оны қабылдамай бұл хаттарды жояды.

Хат алған адам ең алдымен оның тақырыбын оқиды. Егер ол қызықтырмаса ашпауы да мүмкін. Сол себепті электронды хат жібергенде бұл тармақты міндетті түрде толтырыңыз. Бірінші рет жазсаңыз тақырыбы тартымды болғаны дұрыс. Ал бұған дейін хат алмасып тұрсаңыз қысқа әрі нұсқа тақырып жарайды. Хат соңында түрлі шрифтер мен түрлі түстерді қолданып әуре болмаңыз. Тек маңызды жерлерін ғана белгілеп қойсаңыз жеткілікті.

Іскерлік ортада хатты сауатты жазатын адамдар жоғары бағаланады. Сол себепті орфография немесе тыныс белгілерін жетік білмесеңіз мәтінді ғаламтордағы арнайы редактор арқылы тексеріп алыңыз. Өйткені жазғаныңыз имиджіңізге тікелей әсер етеді.

Іскерлік хат жазғанда қанатты сөздер мен ауызекі тілдегі сөздерді қолданбаңыз. Сәнге айналған смайлдар мен ғаламтордағы сленгтерді де жібермеңіз. Басында «Қайырлы күн» дей салсаңыз жеткілікті. Бас әріппен тек маңызды сөздерді ғана жазыңыз, егер бас әріпті жиі қолдансаңыз хатты оқып отырған адам сізді байбалам салып отыр деп ойлап қалуы мүмкін.

Егер жазған хабарламаңызға электронды қолыңызды қойсаңыз ол оқып отырған адамға жағымды әсер қалдырады. Сонымен қатар, ол арқылы сіз өзіңіздің ісіңізді жарнамалай аласыз. Сондықтанда хат астында сізбен хабарласуға болатын бірнеше нөмір, электронды мекен жай сынды байланыс құралдарын тізіп қоюдан жалықпаңыз.

Іскерлік заң бойынша хатқа міндетті түрде жауап қайтару керек. Әйтпесе, әріптестер сізге деген сенімді жоғалтады. Және де екі күн ішінде жауап жазғаныңыз жөн. Егер сізге одан көп уақыт керек болса, оның себептері жайлы алдын ала ескертіңіз.

Бизнес хат жазу дәстүріне сәйкес алғыс айтудың маңызы зор, егер сізге шақыру немесе құттықтау келсе, қойған сұрағыңызға тез арада жауап қайтарылса алғыс айтуды ұмытпаңыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button