Жаңалық
Редакция таңдауы
Электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізіледі
Қазақстанда электрсамокат тебетіндерге жас шектеуін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді.
«Болашақта «Жол қозғалысы туралы» Заңда біз электросамокаттың жүргізушісі кім екенін, оның қандай құқықтары бар екенін көрсетеміз. Бұл нормалар басқа мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен талқыланатын болады. Осы стандартты қабылдау кезінде урбанистердің, блогерлердің, жұртшылықтың пікірлері ескерілді», – деп атап өтті Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.