Жаңалық Редакция таңдауы

«Елім дегендер»: Астанада республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Астанада «Елім дегендер» республикалық байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, халық бірлігін насихаттауға бағытталған.

Байқауға әр өңірден 14-35 жас аралығындағы 120 этнос өкілдерінен құралған 300-ден астам үміткер қатысты.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Болашақ Қазақстан» қоғамдық студенттер бірлестігі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Мәстеков өз сөзінде мемлекеттік тіл қазіргі таңда азаматтық интеграцияның тиімді құралы және мәдени-рухани бірліктің тұлғасы ретінде әрекет ететінін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан мемлекеттік тіл этнос өкілдері арасында этносаралық қарым-қатынас тіл ретінде кеңінен насихатталуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Байқау қорытындысы бойынша «Аспаптық өнер» номинациясында Диана Фахрудинова, «Дәстүрлі ән» номинациясында Асқар Күрешов, «Ақындық мүшәйра» номинациясында Зухра Атажиева, «Көркемсөз өнері» номинациясында Екатерина Марголина жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button