Елімізде 1000 пәндік кабинет ашылады
2023-2024 оқу жылында 1000 пәндік кабинетін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мемлекеттің қаржысына соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілген. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пән кабинеттерімен жабдықталады, мектеп жиһаздары, кітапханалар, асханалар жаңартылады және балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар бүгінде инклюзияны қолдау бойынша 5 кабинет ашылды, жыл соңына дейін тағы 37, 2027 жылға қарай 200 жаңа кабинет ашу жоспарлануда. Еліміз бойынша барлығы 646 инклюзияны қолдау кабинеті бар.