Елімізде каспий теңізінің қазақстандық ғылыми-зерттеу институты құрылады
Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрыладыҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын жасады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Институт Каспий теңізінің экологиялық жәнесу деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді.
Институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат жинақтайды. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді іс-шаралар қабылдауы үшін негіз болады. Сонымен қатар ғылыми ұйым құру Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт құру – мәселені жан–жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.